Қазақстан-Қытай аграрлық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай аграрлық форумы өтті

11.07.2017

Жиынтық соммасы 160 млн. доллардан асатын 7 құжат бекіді. Бүгін өткен Қазақстан-Қытай аграрлық инвестициялық форумын қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасы - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осылай деді. Қытайлық делегацияны осы елдің ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу бастап келді. Негізгі әңгіме екі ел арасындағы алыс-беріс көкжиегін кеңейту төңірегінде өрбіді. Тараптар ветеринарлық кедергілерді жою туралы келісімге келді.

Дәлірек айтсақ, біздің ел Қытайға 100 мың тонна майлы дақылдар және 200 мың тонна бидай саудалайды. Сондай-ақ, Қазақстанда құны 100 млн. доллар болатын зауыт салынбақ. Негізгі өнім - зиянкестерге қарсы қолданатын препараттар. Қаржы толығымен қытайлық инвесторларға тиесілі. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу