Бағасы қолжетімді «Сказка» атты балабақша жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағасы қолжетімді «Сказка» атты балабақша жұмысын бастады

10.02.2020

Елордада балабақша қатары толықты. Құрылыс қарқын алып, жаңа нысандар қатары көбейген ауданында «Сказка» атты мектепке дейінгі мекеме жұмысын бастады. Бағасы қолжетімді балабақшаны салып берген «Полет-М» мердігерлік компаниясы.

Тұрғындар бұл ауданға дәл осындай мекеме көптен бері қажет екенін айтады. Өйткені халықтың негізі – қарапайым жұмысшылар. Ал бұл балабақшаның бағасы қолжетімді. Айына 25 мың теңге.

Балабақша 100 бүлдіршінге арналған. Әр топта 20 баладан тәрбиеленеді. Денешынықтыру залы, ән сабағы өтетін бөлме, ойын алаңы қарастырылған. Балақайларға 5 мезгіл тамақ беріледі. Аптасына 3 рет ағылшын тілі оқытылады.

Бүгінгі шараның ашылу салтанатына әкімдік өкілдері мен спорт саңлағы –Серік Сәпиев қатысты.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу