Шығыс Қазақстанда Абайдың 175 жылдығына орай бүркітшілер сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда Абайдың 175 жылдығына орай бүркітшілер сайысы өтті

10.02.2020

Қансонарда бүркітші шығады аңға. Осындай атпен Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бүркітшілер сайысы өтті.

Абай жеріндегі ақын тойына Шығыс Қазақстанда саятшылықты насихаттап, талай құсбегіні дайындаған Тәттімбет Кәпұлы да келген.

Саятшылар сайысына еліміздің әр түкпірінен 50 ден аса құсбегі жиналды. Қолға шақыру, еркін ұшыру, шырға салу сындарынан ең мықты қырандар іріктелді. Бүркітті қоян, қарсақ, түлкі мен қасқырға салса, ителгі мен қаршығаны кептер мен қоянға қосты.

Сайыс күрделі. Өйткені, көк тағысын, жер тағысы- қасқырға салып жеңімпазды іріктеді. Бұл құсбегілер байқауында жиі қолданыла бермейтін әдіс. Жарыс қортындысы бойынша бүркітшілер арасынан Алматы облысынан келген Ермұхан Байетбай үздік атанды. Тараздық Бабажан Бақдәулеттің ителгісі мен Нұр-Сұлтаннан келген Серікболсын Жалғасұлының қаршығасы да бабы келген қыран деп танылып, бас жүлдеге ие болды.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу