Әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты елімізде жаңа жоба қолға алынбақ

09.02.2020

Мемлекет Басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездескен - олар аталған саладағы өзекті проблемаларды, оның ішінде қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы туралы жеткізді, деп жазады «Ақ Орда» сайты.

Осы әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбын үнемі қозғаймыз. Мысалы, денсаулығына орай сау адам сияқты жұмыс істей алмайтын жандарға жұмыс беріп отырған кәсіпкерлер әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң болғанын қалайтындарын айтқан. Себебі бір жағынан мемлекет қолдауы бар сияқты, бірақ бейнелеп айтқанда «қатты шөлдеп тұрғанда бірнеше тамшы ғана жұтқандай» әсер беретін көмек...

Еліміздегі 690 мың мүгедектің 424 мыңы еңбек ететін жаста. Соның 111 мыңнан астамы жұмыс істейді деп есептеледі. Бірақ ол тізімге жылына 1 рет айлық алғандар да кіреді.

Жалпы, денсаулығына орай қимылы шектеулі адамдарға жұмыс беріп, науқас балаларға жәрдемдесіп жүргендерді бизнесмен деуге де келмейді. Себебі олардың басты мұраты коммерциялық пайда емес. Оларды тіпті альтруистер деуге болады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу