Зиялы қауым ұлтаралық алауыздықты туғызбауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялы қауым ұлтаралық алауыздықты туғызбауға шақырды

08.02.2020

Мәжіліс депутаттары да комиссия мүшелерімен бірге оқиға болған жерге барды. Жалпы, осы Қордайдағы жағдайға байланысты ел азаматтары халықты сабырға шақырып отыр. Түрлі арандатушылық ақпардың жетегіне ермей, ақыл-ой таразысына сүйенуге үндеді.

Халық қалаулылары да жұртшылықпен жүздесіп, туындаған жағдайдың ортасында болып, түйткілге тікелей үңілу үшін арнайы барған еді. Олар бірінші кезекте елді үстірт шешім қабылдамай, мәселені мәмілемен шешуге шақырды.

Оқиғаның егжей-тегжейлі жайттары мен себептері анықталып жатыр. Артын сабырмен күткен жөн. Ел ағаларының ортақ ойлары осы.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу