Алғаш коронавирус туралы ескерткен дәрігер қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш коронавирус туралы ескерткен дәрігер қайтыс болды

07.02.2020
Алғаш коронавирус туралы ескерткен дәрігер қайтыс болды

Алғашқылардың бірі болып коронавирус туралы ескерткен ухандық дәрігер Ли Вэньлян қайтыс болды. Ол 2019-nCov вирусын жұқтырып алған. Медицина өкілдері бұл ақпаратты растады.

Алғашында бұл дәрігер жалған ақпарат таратты деп айыпталған еді. Ол өткен жылдың 30 желтоқсанында әріптестеріне теңіз өнімдерін сататын базарда жеті бірдей оқиға тіркелгенін айтқан. Аурудың белгілері SARS коронавирусына ұқсас деп жеткізген. Кейін дәрігердің жазбасы желіге тарап кеткен. Осыдан соң қалалық денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері оны шақырып, ақпаратты жалған деп мойындатқан. Сөйтіп дәрігерге қауесет таратты деген айып тағылған.

Қаңтар айының соңында (коронавирус өршіп тұрған сәтте) Ли Вэньлян Weibo желісінде өзінің вирус жұқтырғанын мәлімдейді. Осыдан соң билік өкілдері одан кешірім сұрайды. Алайда дәрігер індеттен айыққан жоқ. Бейсенбіде жергілікті БАҚ оның қайтыс болғанын хабарлады.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу