Жамбылдық шаруалар көктемгі егіске дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық шаруалар көктемгі егіске дайын

06.02.2020

Жамбылдық шаруалар көктемгі егіске дайын. Тың бастамамен ауыл-аймақ диқандарынан құрылған кооперативтерге 200-ге жуық су жаңа техника берілді. Мемлекеттік жобаның арқасында қолы ұзарған жұрт енді көктем басталысымен іске кіріседі.

Жаңа жобаны сәтті бастап, жұмысын жолға қойған ұжымдардың бірі «Сәт» кооперативі. Құрамына Бесағаш пен Түркісіб ауылдарынан мыңнан аса үй енген. Жұрт былтырдан бері жұмыс жоспарын нақтылап қойған. Тиімді игерілмей жатқан жер телімдері анықталып, зерделенді. Енді міне көптен күткен техника да жетті.

Бес бағыттан тұратын пилоттық жоба өңірдегі 11 ауылдық округте жүзеге асырылып жатыр. Жалпы саны 50 мыңға тарта халық қамтылған. Жуырда жоба аясында 6 миллиард теѕңгеге 40 мың бас мал мен құс сатып алынбақ. Жаңа техниканың көмегімен жұрт төрт түлікке жем-шөп әзірлеп алмақ. Бұл көліктерді бірінші кезекте жергілікті жердегі кооперативтерге мүше ауыл тұрғындары пайдаланады.

Мемлекет ауыл тұрғындарын материалдыөқ-техникалық жағынан қамтамасыз етті. Енді кезек шаруада. Мүмкіндікті тиімді пайдаланса тұрғындардың табысы артып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы да еселене түспек.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу