Стамбулда ұшақ апатты жағдайда қонып, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулда ұшақ апатты жағдайда қонып, 3 адам қаза тапты

06.02.2020

Түркияда апатты жағдайда қонған ұшақта жарақаттанғандардың арасында 2 қазақстандық бар. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растап отыр. Олардың сөзінше, отандастарымыз жеңіл жарақаттар алған. Бірі ем-домнан өз еркімен бас тартса, екіншісі дәрігерлер бақылауынан өтіп, ауруханадан шығарылған. Екеуі де өздері жайында мәліметтерді құпия сақтауға өтініш білдірген. Айта өтейік, сәрсенбі күні Түркияда жолаушылар ұшағы қонар cәтте жолдан тайып, 3 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 179-ға жеткен. Бортта 183 адам болса, оның алтауы – экипаж мүшесі. «Боинг-737» ұшағы сулы жолға қонғанда тоқтай алмай ұшу жолағынан шығып кетіп, үшке бөлінген. Бұл кезде ауа-райы да қолайсыз болыпты. Айта өтейік, қазір апатқа байланысты тергеу жүріп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу