Круиздік кемеде тағы 10 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Круиздік кемеде тағы 10 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

06.02.2020

Жапонияның оңтүстік жағалауында тұрған круиздік кемеде тағы да 10 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, мұнда қауіпті инфекцияны жұқтырғандар 20-ға жетіп отыр. Науқастардың барлығы ауруханаларға жеткізілді.

Лайнерде 3700 адам болған. Олар енді теңізде саяхаттағанның орнына, екі апта бойы Йокогама портының жағасында карантинде тұрады.

Кемеге коронавирус жеткізген 80-жастағы адам бұған дейін Гонконгта түсіп қалған.

Айта кетсек, Қытайда жаңа пневмония құрбандарының саны өсіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл мемлекетте коронавирустан 563 адам қайтыс болып, оны тағы 28 мыңнан астам адамның жұқтырғаны белгілі болып отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу