Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес бүгін партиялық тыңдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес бүгін партиялық тыңдау өткізді

06.02.2020

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасының бастамасымен құрылған «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес бүгін партиялық тыңдау өткізді. Өткен жылдың ақпан айынан бастап кеңес мүшелері 200-ден астам елді мекенді аралап шыққан. Білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысымен танысқан. Оның қорытындылары бойынша бірқатар келеңсіздіктер анықталған. Бауыржан Байбектің айтуынша, кеңес мүшелері анықтаған кемшіліктердің 70 пайызы дереу түзетілген. Айта кетейік, бұл қоғамдық кеңес Елбасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында жұмыс істеуде. Кеңес мүшелері өңірлерге шығып отбасылық мәселелерді жан-жақты зерделеп, осылай партиялық тыңдауға шығарады.  

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу