Кәсіпкер әйел мүгедек жандарды жұмыспен қамтып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер әйел мүгедек жандарды жұмыспен қамтып отыр

06.02.2020

Маңғыстаулық кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі 12 адамды жұмыспен қамтып отыр. Айнұр Қилыбаева Ақтаудағы тігін цехын жарты жыл бұрын іске қосқан. Жұмыспен қамту орталығында кезекте тұрған әйелдерді еңбекке тартып, оларға киім тігуді өзі үйретті. Бүгінде шетінен шебер цехтың жұмысын дөңгелетіп отыр. Тапсырысқа сай мұнда киімнің түр-түрі тігіледі. Одан бөлек, қой жүнінен кеудешелер, бас киімдер, шәркейлер мен түрлі кәдесыйлар жасалады. Кембағал жандарға әлеуметтік қолдау көрсетуді мақсат еткен кәсіпкер бұған дейін Жетібай ауылында тұрған. Ол сол жерде көп балалы жұмыссыз аналарды іс тігуге баулып, табыс табуға мүмкіндік жасады.   

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу