Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

05.02.2020

2019 жылы елімізде 424 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Көрсеткіш жылдық жоспардан 14 процентке жоғары. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі айтты. 

Ержан Жылқыбаевтың сөзінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 процентке төмендеген. Былтыр бағдарламаны қаржыландыруға 178 млрд теңге бөлініп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 660 мың адам қамтылған. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу