Әлеуметтік желіде лоторея ойнататындар жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желіде лоторея ойнататындар жауапқа тартылады

05.02.2020

Енді әлеуметтік желілерде лотерея ойынын өткізуге болмайды. Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынған заң жобасы бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Тіпті түрлі жарнамаларда «лотерея» сөзін ұлттық оператор ғана пайдалана алады. 

Ұтыс ойындарын өткізу үшін кез келген адам немесе компания осы ұлттық оператормен келісімшартқа отыруы міндет. Сондай-ақ, лотереяны ұйымдастырушы оператор түскен пайданың 15 пайызын елдегі спортты дамытуға салық ретінде беруге міндеттеледі. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу