Қытайда коронавирустан емделгендер саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирустан емделгендер саны артып келеді

05.02.2020

Қытайда коронавирустық пневмониядан емделіп жазылғандар саны артып келеді. Соңғы тәулік ішінде бұл аурудан 66 науқас көз жұмса, 260-ы дерттен айығып, ауруханадан шыққан. Осылайша жаңа пневмониядан емделгендер саны 900-ге жетіп отыр. 

Бастапқыда дене қызуы, жөтел және өкпе қабынуы белгілерімен емханаға түскен науқастардың тиісті ем-домнан кейін жағдайларының жақсарғаны байқалған. Вирусқа бірнеше қайтара жасалған тест те теріс нәтиже берген соң, дәрігерлер оларды үйлеріне қайтаруды жөн көрді. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу