Әкімдер рейтингі: Көш басында Алматы облысының әкімі тұр

05.02.2020
Әкімдер рейтингі: Көш басында Алматы облысының әкімі тұр

Медиалық технология орталығы мен Toppress.kz порталы 2019 жылдың қорытындысы бойынша әкімдердің рейтингін жариялады. 

Әкімдер өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қаланы көркейту, шағын және орта бизнестің өркендеуіне жағдай жасау бойынша бағаланды.

Рейтингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көш бастап тұр. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев екінші орында. Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов үздік үштікті түйіндейді.

Төртінші орынды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов иемденді. Бесінші орында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, алтыншы орында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, ал жетінші сатыға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орналасты.

Сегізінші орында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, тоғызыншы орында Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаев, ал оныншы орында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, 11-орында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов тұр. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов 12-ші орында.

Ал аутсайдерлердің қатарында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов (13-орын), БҚО әкімі Ғали Есқалиев (14-орын), Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов (15-орын), Шымкенттің экс-әкімі Ерлан Айтаханов (16-орын) және Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов (17-орын) бар.


Хабарламаларға жазылу