Шымкенттегі балабақшада бүлдіршіндер газға уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі балабақшада бүлдіршіндер газға уланып қалды

05.02.2020

Иіске елітіп қалған 4 бала мен бір тәрбиеші маман дереу ауруханаға жеткізілді. 

Бүлдіршіндердің үшеуінің жағдайы аса ауыр болмағандықтан, дәрігерлік тексерістен соң үйлеріне қайтарылған. Ал тәрбиеші мен тағы бір бала әзірге ем қабылдап жатыр. 

Улану оқиғасы тіркелген Қазығұрт шағын ауданындағы тәрбие ошағы осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген. Төтенше жағдайлар қызметі мамандары өткен жылдың желтоқсан айында балабақшаға тексеріс жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмағанын анықтаған. Меншік иесін әкімшілік жазаға тартқан. Алайда бүгінгі оқиға оның бұл ескертуден қорытынды шығармағанын айғақтап отыр. «Қазтрансгаз Аймақ» мекемесі ғимаратты толықтай табиғи газ желісінен ажыратып тастады. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу