Канадалық ұшақ коронавирус туралы қалжыңның кесірінен әуежайға қайта оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадалық ұшақ коронавирус туралы қалжыңның кесірінен әуежайға қайта оралды

05.02.2020
Канадалық ұшақ коронавирус туралы қалжыңның кесірінен әуежайға қайта оралды

Торонтодан Ямайкаға бағыт алған канадалық WestJet авиакомпаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің коронавирус жұқтырғанын білген сәтте әуежайға қайта оралды.

Ұшу кезінде екі сағаттан кейін бір жолаушы орнынан тұрып, жақында Қытайдан келгенін, коронавирустың жаңа түрін жұқтырғанын мәлімдейді. Бұл хабарды естіген экипаж капитаны Торонтодағы Пирсон әуежайына қайтып оралуға шешім қабылдайды. Ұшақтың борт серіктері жолаушыға медициналық бетперде, қолғап беріп, лайнердің соңғы жағына жайғастырады. 

Алайда бұл ақпарат жалған болып шығады. Ұшақ қонған соң полицейлер бұзақыны тұтқынға алды. Жалған хабар берген 29 жастағы азаматқа залал келтіргені үшін айып тағылды. Енді ол 9 наурызда сот алдында жауап береді.

Айта кетейік, ұшақ бортында 243 жолаушы болған. Осы оғиғадан кейін 2 рейс тоқтатылған.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу