7 миллиард теңгеге салынған онкологиялық диспансер жұмыс істемей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 миллиард теңгеге салынған онкологиялық диспансер жұмыс істемей тұр

04.02.2020

Павлодарда желтоқсан айында берілген онкологиялық диспансер әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр. Облыста обыр дертіне шалдыққан 11 мыңнан астам адам тіркеуде. Өндірісті өлке аты жаман аурудың таралуы бойынша Республикада үшінші орында. Сондықтан сырқат жандар орталықтың ашылуын көптен күткен еді. Алайда, аурухана бірде-бір науқасты қабылдаған емес.

Бұл онкологиялық диспансер 7 миллиард теңгеге салынып, 4 миллиард теңгеге заманауи жабдықтар алынған. Содан бері екі айға жуық уақыт өтті. Мекеме науқастарды әлі қабылдай алмай отыр.

Онкологиялық орталық басшыларының айтуынша, мекемеге қажет маман жеткілікті. Сондықтан медициналық жабдықтармен толық жарақталған соң сәуірдің басында жаңа диспансер жұмысын бастайды.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу