Мәжілісте жаңа Салық кодексі талқыланды
Жаңа Салық кодексі қолданыстағыдан мүлдем басқа құрылымымен, жаңа идеологиясымен ерекшеленеді, ал, оның мазмұны жеңіл болады. Мәжілісте салықтық және кедендік әкімшілендіру перспективалары жайында дөңгелек үстел өтті. Жаңа кодекске сәйкес, Отандық қор нарығын белсендіру мақсатында КАSЕ-де акцияларды бірінші жария орналастыруды жүзеге асырған эмитенттер үшін бірінші жылға корпоративтік табыс салығы бойынша 18%-дық төмендетілген мөлшерлеме көзделіп отыр.
Сондай-ақ, проблемалы активтерді сатудан түскен шартты табыстарға корпоративтік табыс салығын салмау ұсынылады. 2020 жылға қарай жалпыға ортақ декларацияға көшу жоспарланып отыр. «Алайда, бұл құжатта өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәселесі ескерілмеген»,- дейді депутаттар.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО шалғай ауылда медорталық ашылды
09.02.2026, 13:18
Неке – ер мен әйелдің ерікті одағы
09.02.2026, 13:15
Волонтерлер жаңа Конституция жобасына ұсыныс білдірді
09.02.2026, 13:12
Гонконгтың әйгілі медиамагнаты 20 жылға сотталды
09.02.2026, 13:06
25 800 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
09.02.2026, 13:03
Президент азаматтардың табысын көбейтуді тапсырды
09.02.2026, 13:00
XXV қысқы Олимпиада ойындарының кестесі
09.02.2026, 10:24
Қысқы олимпиада: Ұлттық құраманың ойындары
09.02.2026, 10:22