Шығысқазақстандық студенттер білімдерін шыңдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық студенттер білімдерін шыңдады

04.02.2020

Жастардың жоғары білім алуына арналған гранттық жобалар өз нәтижесін бере бастады. Мәселен, «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздің шығысына оңтүстік облыстардан келіп оқып жатқан студенттердің саны жыл санап артып келеді. 

Соңғы 3-4 жылда Өскемендегі екі университеттен мыңға жуық жас бітіріп шықты. Олардың 80 проценті өңірдің өзіндегі ірі өндірістер мен кәсіпорындарда тұрақты жұмысқа тұрды.

Ал қазір шығыс, орталық және солтүстік облыстарда жол құрылысына білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан 3-4 курс студенттері осы сала жұмысымен танысты. Олар жөнделген жолдан сынаманың қалай алынып, қалай тексерілетінін көрді. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу