Әділдік іздеген ана Ұлттық арнадан араша сұрайды

03.02.2020

Маңғыстаулық Айнаш Мұқанова былтырдан бері әділдік іздеп шырқырап жүр. Бауыр еті баласы заңсыз сотталды деп шарқ ұрған ананың табан тоздырып бармаған жері жоқ.

Осыдан бір жыл бұрын Мұнайлы ауданында біреудің үйін қандаладан улаймын деп, 2 адам қайтыс болған еді. Пәтерді улаған Айнаш Мұқанованың ұлы Ғалымжан Жайлауов бес жылға сотталып кетті. Алайда қызметкерге нұсқау берген «Tarakan.net» мекемесі сүттен ақ, судан таза болып шыққан. Аягөз Оралбайқызы тарқатады.

Хабарламаларға жазылу