Лондонда тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды

03.02.2020

Британия үкіметі Лондонда тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған адамның есімін жариялады. Оның аты-жөні – Судеш Амман. Полицейлер атып өлтірген жігіт қаңтардың соңында ғана түрмеден шыққан. 

20 жастағы Амман терроризм ісі бойынша 3 жыл 4 айға сотталып, жарты мерзімін ғана өтеп, қамаудан босатылған. 

Тәртіп сақшылары оған Лондонның оңтүстігінде өтіп бара жатқан адамдарға пышақпен жүгіргені үшін оқ жаудырды. 

Көп кешікпей полицейлер бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп сипаттады. Амманның шабуылынан үш адам жараланды. Солардың бірі ауыр халде жатыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу