Уханьда 10 күнде салынған аурухана бүгін қолданысқа беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уханьда 10 күнде салынған аурухана бүгін қолданысқа беріледі

03.02.2020
Уханьда 10 күнде салынған аурухана бүгін қолданысқа беріледі

Бүгін Қытайдағы Ухань қаласында коронавирусқа шалдыққандарға арналған аурухана қолданысқа беріледі. Оның құрылысы 23 қаңтарда басталған еді. Бұл жерде 1,4 мың медицина қызметкерлері жұмыс істейтін болады. 

Сондай-ақ Қытай билігі 25 қаңтарда Уханьда осындай тағы бір аурухана салынатынын хабарлаған еді. 1,3 мың кісілік корпусты 8 ақпанда пайдалануға береді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 361-ге жетті. 17 205 адам 2019-nCoV вирусына шалдыққан. 

rbc.ru


Хабарламаларға жазылу