Австралияның Канберра аймағында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның Канберра аймағында төтенше жағдай жарияланды

31.01.2020
Австралияның Канберра аймағында төтенше жағдай жарияланды

Австралияның Канберра аймағында бұтақтардың жаппай өртенуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Өрт аймақтың оңтүстігінде 18 500 гектардан астам аумақты жалмап жатыр. 

Сидней мен Мельбурн арасында орналасқан кішігірім аумақтың шамамен 400 000 тұрғыны бар. Қазірде оларды апатты орыннан көшіруде.

Осы аптаның басында орман өрттерінің суреттері әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды.

Бұл жағдайдан соң билік органдары өрт аймақтарының жанында суретке түсу адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті.

Қыркүйек айынан бері Австралияда орман өрттері кем дегенде 33 адамның өмірін қиып, мыңдаған үйлерді қиратты. 11 миллион гектардан астам жер өртенді.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу