Қазақстан KazSat жерсерігін жасау үшін 40 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, құжатқа байланысты барлық мәселе шешілген. Жақын арада байқау жарияланып, бас мердігер анықталады.
«Қазіргі кезде біз жерсеріктің техникалық-экономикалық негіздеме құжаттарымен айналысып жатырмыз, содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. Сол кезде әрі қарай кімдермен жұмыс істейтініміз белгілі болады. Техника-экономикалық негіздеу 40 миллиард шамасында», - деді министр.