Бораннан кейін елордаға азық-түліктер уақытында жетпей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бораннан кейін елордаға азық-түліктер уақытында жетпей жатыр

29.01.2020

Ауа-райының қолайсыздығынан азық-түлік өнімдері де Елордаға уақытында жетпей жатыр. Әсіресе сүт өнімдері тиелген жүк көліктері орта жолда қаңтарылып тұр. Салдарынан, сауда орындарынан тұрғындар бірнеше күн сүт, айран, қаймақ таба алмай сеңделіп қалды. Тек бүгін түсауа агрофирмалардың алғашқы легі жеткізілді. Қазір жағдай қалыпты. Бір ғана Ақмола облысының кәсіпорны астаналықтар үшін күніне 50 тонна сүт өнімін жеткізіп отыр. Боранның салдарынан шаруа иелері біршама шығынға баттық деп отыр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу