Коронавирус: Австралия ғалымдары жаңа вирус көшірмесін жасап, зерттеу жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус: Австралия ғалымдары жаңа вирус көшірмесін жасап, зерттеу жүргізуде

29.01.2020
Коронавирус: Австралия ғалымдары жаңа вирус көшірмесін жасап, зерттеу жүргізуде

Австралия ғалымдары алғаш рет Қытайдан тыс жерде жаңа коронавирустың көшірмесін жасап, зерттеу жүргізуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұл вирус қауіпті дертке қарсы көмектеседі деп үміттеніп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы індет 132 адамның өмірін қиып, 6000-ға жуық адам вирус жұқтырған.

Қытайдан бөлек 16 елде, соның ішінде Тайланд, Франция, АҚШ және Австралияда 47 жағдай расталды. Әзірге Қытайдан тыс жерде бірде-бір өлім тіркелген жоқ.

Австралияның Мельбурн қаласындағы мамандандырылған зертхананың зерттеушілері вирустың көшірмесін өсіре алатындықтарын айтты. Өткен жұмада оларға үлгі жіберілді.

«Біз мұны көп жылдар бойы жоспарладық. Сондықтан да біз тез арада күрделі сұрақтың жауабын таптық», - дейді Инфекция және иммунитет Институтының докторы Майк Кэттон.

Дәрігерлер бұл көшірме тестілеудің «бақылау материалы» ретінде пайдаланылуы мүмкін. Дұрыс диагноз қоюға көмектеседі деген пікірде. Коронавирусты ерте анықтауға айтарлықтай әсері болуы мүмкін деген болжам жасалудаСондай-ақ, Кеттон «Антидене сынағы вирустың таралу аудиториясын және өлім-жітім болжамын көрсетіп береді», - деп те айтты.

ДДСҰ болжамына сәйкес, инкубациялық кезең екі күннен 10 күнге дейін созылуы мүмкін .

Айта кетейік, Қытай үкіметі қабылдаған сақтық шараларына қарамастан, соңғы күндері Қытайда вирусты жұқтыру саны тез өсті. Қытай билігі вирус пайда болған Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белсенді шаралар қабылдап, қалаға кіріп-шығуды тоқтатқан. 

CNN

Хабарламаларға жазылу