15 жастағы А.Аимбетова киізден Абай портретін бейнеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 жастағы А.Аимбетова киізден Абай портретін бейнеледі

27.01.2020

Киізден бейнеленген Абайдың портреті. Нұр-Сұлтан қаласының 15 жастағы тұрғыны Айсанем Аимбетова кемеңгердің бейнесін жасау үшін көп еңбектенген. Сурет матаға түрткілеп отырып, құрғақтай басу әдісімен салынады. Киіз басқандай, түрлі түсті жүнді араластыра отырып, ұлы ақынның образын келістірген. Айсанем- «Жайхун» қарақалпақ этно-мәдени бірлестігінің мүшесі. Абай атындағы мектепте оқиды. Жас шебер іспен айналысқанда ағасы оған демеу көрсетіп, виолончельмен «Айттым сәлем, Қаламқасты» орындап, шабытын шыңдай түседі.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу