Басты Жаңалықтар Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Оңтүстік Кореяның Тонхэ қаласындағы қонақүйлердің бірінде газ жарылып, 4 адам қаза тапты. 5 адам зардап шеккен.

Оқиға 25 қаңтарда болған. Ғимараттың екінші қабатындағы тұрғындар түскі ас әзірлеп жатқан кезде газ жарылған.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, сол кезде бөлмеде 7 адам болған, оның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Қазірде оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Фото: Republic World

Бөлісу