Ақмола облысында қарға батқан көліктер жол апатына себепкер болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында қарға батқан көліктер жол апатына себепкер болды

27.01.2020
Ақмола облысында қарға батқан көліктер жол апатына себепкер болды

Ақмола облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 500-ден астам көлік колоннасын Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетуіне және ол жақтан кейін қайтуына қамтамасыз етті.

«Ауа райының күрт бұзылуына байланысты патрульдік полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыстағы автомобиль жолдарында экстремалды жағдай туындап отыр. Өңір полицейлері жол-көлік оқиғасын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл шараларды қолдануда», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, жолдардың жабылғандығы туралы алдын ала бірнеше рет ескерту жасалғанымен көлік жүргізушілері жолға шығып, қар құрсауында қалуда. 

«Қаңтардың 26-сында патрульдік полиция батальонының бірнеше экипажы мен қар тазалайтын көліктер Нұр-Сұлтан-Петропавл тасжолының бойында 250 көліктің елордаға жетуін және ол жақтан 300 көлік құралының Көкшетауға жетуін қамтамасыз етті. Сағат 17:00 шамасында аталмыш жолдың бойында, Макинск қаласы тұсында көліктердің бірінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарға кіріп кетті. Оған артында келе жатқан 8 көлік соғылды. Жол апаты салдарынан 8 автокөлікке залал келді. Бір жолаушы дене жарақатымен Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды»,- деп толықтырды ведомстводан. 

Ақмола облысының полицейлері ауа райына байланысты барлық бағыттағы жолдардың жабылғандығын және жүргізушілерге өз еріктерімен елді мекеннен тысқары шықпауға шақырады.

Хабарламаларға жазылу