Екпеге қатысты біз білмейтін қандай құпия бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпеге қатысты біз білмейтін қандай құпия бар?

25.01.2020

Екпе туралы айтылғанда ел білуі керек тағы бір түйткіл бар. Ол вакциналарлың сапасы мен бағасы. Адам тәжірибе жасалатын жарытылыс емес, сондықтан сіз бен бізге арналған дәрі-дәрмектің теріс тұсы болмауы тиіс. Бүгін елді екіге жарып, таластырып қойған екпеге еңбегі ең көп сіңген Моррис Хиллеман. Сараптап шығарған вакциналары нәтижелі болған ғалым. Қызылша, А гепатитіне, В гепатиті, шешек, менингит, пневмония сынды ең қауіпті деген дерттердің алдын алып адамның ажалынан бұрын өлмеуі үшін саналы ғұмырын сарп еткен. Екпесі елге әлі салынатынын есептесек еткен еңбегінде кеткен кемшілік болмай тұр. Сондықтан ел ертең ауырмас үшін бүгін екпе егу керек деп шырылдайды дәрігерлер. Қазақстандағы адамдарды вакцинациялауға 2019 жылы 28 миллиард теңге жұмсалған. Екпе салмағандарды міндеттеу керек деп бастама көтеріп енді сыннан бас көтере алмай қалған Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2014 жыл мен 2019 жыл аралығында 14823 адам екпе салдырудан бас тартқан. Бас тартқандардың көшін Алматы облысы бастап тұр. Екпенің арты еккенге көнбейтін дертке апармайды деп сендіруге тырысқан біздегі жауаптылар Ұлттық сараптау орталығының мәліметтерін алға тартады. Бәрі зерттелген, дәрілір мінсіз десе де, бұған қарапайым сіз бен біз ғана емес, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі сенбейді.

Тәуекелге тігуге болмайтын бір дүние болса, ол адамның өмірі. Өйткені саны көп ұлтпен, сапалы жұртпен әлемнің қайсы алпауыты болса да санасады. Сондықтан "ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге" ұмтыл дейтін қазақтың қағидасына салсақ екпені егу көптің көп ойланбай қабылдауы тиіс шешімі секілді көрінеді. Осы тұста әлем халқы қауіпті аурулардың құрбанына айналмасын деп ақшасын адам санап бітпейтін Билл Гейтс вакцинацияға 6 миллиард доллар бөлгені әмбеге аян. Дұрыс бастама десті білетіндер. Бірақ Билл Гейтстің жеке дәрігері болған азамат 2010 жылы, миллиардер екпеге ақша бөлгенмен өз балаларына ешқашан екпе салдырмайтынын айтты. Бұл қалай болғаны? Пайдалы дүниені өзгеден бұрын өзіңе қолдану заңдылық емес пе? Әлде екпенің сапасына қатысты біз білмейтін қорқынышты құпия бар ма?

Назым ҚАЙРАТ  


Хабарламаларға жазылу