Мемлекет басшысы: Бізге мұғалімдерді дайындайтын жаңа ЖОО-лар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы: Бізге мұғалімдерді дайындайтын жаңа ЖОО-лар қажет

24.01.2020
Мемлекет басшысы: Бізге мұғалімдерді дайындайтын жаңа ЖОО-лар қажет

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізге мұғалімдерді дайындайтын ЖОО-лар қажет екенін айтты. 

Сондай-ақ, «Үкімет әлеуметтік саладағы заңнаманың жоқ-жітігін түгендеуі керек», деді Мемлекет басшысы. 

«Біздің халық лифттер мен атракциондардың, тамақ өнімдерінің сапасының төмендігі бойынша мәселемен жиі бетпе-бет келеді. Өнім сапасы мен қауіпсіздігі ешқашан екінші орынға ысырылмауы керек. Ішкі нарықтағы қауіпсіздікті сақтау үшін ұлттық сертификаттау жүйесін дамытып, ұлттық стандарттарға деген сенімді қайтару керек. Техникалық реттеу мен акредиттеу заңнамасы 10 жыл бұрын қабылданған. Ол бүгінгі күннің талаптарына сай емес. Үкімет техникалық реттеу туралы заң әзірлеуі керек», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президент заңды жыл соңына дейін қабылдау керектігін тапсырды.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу