Татарстан президенті Абай өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстан президенті Абай өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты

23.01.2020

Татарстан президенті Рустам Минниханов қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты. Татар басшысы «Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен эстафетаны қуана қабылдадым және оны Қазақстан Республикасында тұратын татар диаспорасына жолдаймын», – деді. Жыр бастамасын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақтан қабыл алған еді. Эстафетаны тек еліміздің ғана емес, әлемнің белгілі саясаткерлері, өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар жалғастырып жатыр. 

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу