ДДСҰ қытайлық коронавирусқа қатысты төтенше кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ қытайлық коронавирусқа қатысты төтенше кездесу өткізеді

22.01.2020

Бүгін Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шұғыл отырысы өтеді. Онда талқыланатын басты түйіткіл – Қытайдан өзге елдерге тарай бастаған коронавирусты тоқтату. Сонымен қатар кездесуде осы қауіпке байланысты әлемде төтенше жағдай жариялау мәселесі де қаралады. Айта кетсек, жұмбақ инфекция соңғы күндері АҚШ-та, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Тайваньда да табылып отыр.

Ал Қытайдың өзінде одан 9 адам қайтыс болды. Және де мұнда 440 тұрғынның өкпені қабындырып, респираторлық ауруларға шалдықтыратын вирусты жұқтырғаны расталды. Тағы екі мыңнан астам азамат оқшауландырылды.

Емі жоқ, адамнан-адамға берілетін коронавирус Ухань қаласында желтоқсанның соңында анықталды. Қазір ол Бейжің, Шанхай, Макао, Гуандун сияқты ірі қалалар мен провинцияларда да тіркеліп отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу