Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды

22.01.2020
Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды

Татарстан Президенті Рустам Минниханов қазақ ақыны, ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты. Татарстан басшысы ақынның өлеңінен үзінді оқыған видеоны Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

«Мен досым – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтен эстафетаны қуана қабылдадым және оны Қазақстан Республикасында тұратын татар диаспорасына жолдаймын», – деді Минниханов.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын 9 жастағы мектеп оқушысынан қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және жас әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны жалғастырып, ақын өлеңдерін оқыған болатын. Сондай-ақ, бұл эстафетаға әйгілі актер Джеки Чан да қатысты.

Хабарламаларға жазылу