«Қазақмыс» бас директорына жұмыс бөлмесінде шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақмыс» бас директорына жұмыс бөлмесінде шабуыл жасалды

22.01.2020

Жезқазғанда «Қазақмыс» Корпорациясы тау-кен байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловқа жұмыс бөлмесінде шабуыл жасалды. 

Оқиға 21 қаңтар күні шамамен кешкі сағат 6-да болған. Полицияның мәліметінше Мініғұлов «Қазақмыс» корпорациясы «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбеновпен өзара келіспей қалған. 

Жанжал кезінде ол Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алады. Сондай-ақ, кабинетте бірге отырған «Қазақмыс» корпорациясының маманы Сабыржан Тембаев араша түскен сәтте оны да кеуде тұсынан жарақаттаған. Куәгерлердің айтуынша, Тәжбенов артынша өзін-өзі кеудесінің сол жақ тұсынан пышақтап, оқиға орнында жан тапсырды. Ал жарақат алған екеу ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-домы көрсетілді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу