Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов дүниеден озды

21.01.2020

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов 66 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ғылыми ортада да, саясатта та өзіндік орны бар тұлға соңғы екі жылда төсек тартып жатқан. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Камал Низамұлы 1954 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды. IV және V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Камал Бұрханов қырықтан астам ғылыми жұмыс пен бірнеше кітап жазып қалдырды. Көптеген мақала мен оқу құралдарының авторы. «Марқұм әркез ашық, қоғамдық мәселеде өз ойын еркін айтатын батыл мінезді еді»,- дейді әріптес-достары.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу