Соғысқа қатысқанын 75 жыл өткеннен кейін дәлелдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғысқа қатысқанын 75 жыл өткеннен кейін дәлелдеді

21.01.2020

Семейде майдангер 75 жыл өткеннен кейін өзінің ардагер екендігін дәлелдеді. Осыған дейін 94 жастағы Асқар Рақымбаевтың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандығы жайлы ешбір құжаты болмаған. Сол себепті арадагерлер санатына жатқызылмай, берілетін барлық жеңілдіктерден де қағылып келген. Анықталғандай, ол 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, Шығыс майданындағы №378 атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Румынияны, Брашев, Мишель қалаларын азат етуге қатысқан. Алайда құжаттары сақталмағандықтан, мұның бәрін дәлелдей алмаған. Асқар Рақымбаевқа қалалық ардагерлер кеңесі көмек берген. Куәлікті қала әкімі майдангерге салтанатты түрде табыстады. Жылдар бойы ескерусіз келген қария енді соғыс ардагерлеріне тиесілі 42 мың теңге төлемақыны ай сайын алып тұрады.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу