Коронавирусқа қарсы әлем елдерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы әлем елдерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

21.01.2020

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны төртеуге жетіп, бұл аурудың адамнан адамға жұғатыны расталып отыр. Осыған орай әлем әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіле бастады. 

Бүгін Токионың «Ханеда» авиациялық терминалында жолаушылар скринингтен жаппай өтіп жатыр. Айта кетсек, жақында Жапонияда Қытайдың Ухань қаласынан оралған ер адамның жұмбақ инфекцияны жұқтырғаны анықталды. 

Осындай ауру Оңтүстік Кореядан да табылды. Сондықтан Инчхон қаласының халықаралық әуежайына Уханнан жеткен адамдар міндетті түрде скринингтен және дезинфекциядан өтуге тиіс.  

Мұнда коронавирус симптомымен ауруханаға түскен адам – қытайлық 35 жастағы әйел. Ол да Кореяға Қытайдың барған.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу