Қазақ киноқоржыны тағы бір жаңа туындымен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ киноқоржыны тағы бір жаңа туындымен толықты

21.01.2020

«Шырақшы» деп аталатын фильмнің авторы әрі қоюшы режиссері  — Ермек Тұрсынов. Киноның негізгі желісі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неміс қариядан киноаппарат алған қазақ солдаты туралы. Еліне аман-есен оралған сарбаз осы құрылғының көмегімен ауыл-ауылға фильм көрсетеді. Өзге тілде болса да өз түсінігінше аударады. Осылайша халықтың мейірлене көргенінен ләззат алып, алғысына бөленеді. 

Кино туынды өткен жылы әлемдік «Киношок-2019» фестиваліне қатысып, басты рөлді сомдаған әртіс Мұрат Мұқажанов үздік образды сомдағаны үшін ерекше марапатқа ие болды. Актер түсірілім барысындағы қызықты сәттерімен бөлісті. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу