Путин Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынды

21.01.2020

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаға конституциялық өзгерістер жобасын енгізді. Солардың ең маңыздысы – Мемлекеттік кеңес туралы құжат. Бұл орган конституциялық мәртебеге және өкілеттікке ие болса, оған келешекте Путиннің өзі төрағалық етеді деген болжам бар. Кремль басшысының президенттік мерзімі 2024 жылы аяқталады. 

Қазір Мемлекеттік кеңеске парламент палаталарының спикерлері, президенттің аймақтардағы өкілдері, губернаторлар, Думадағы партиялық фракциялардың жетекшілері кіреді. 

Бұл кеңес әзірге конституциялық орган емес және оның мәртебесі негізгі заңда бекітілмеген.

Арыстан РЫСБЕК 

Хабарламаларға жазылу