Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов дүниеден озды

21.01.2020
Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов дүниеден озды

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды. Қайғылы хабар жайында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Камал Бұрханов 1954 жылы дүниеге келген. Ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды. IV және V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 40-тан астам ғылыми жұмыстың, кітаптардың, мақалалар мен оқу құралдарының авторы.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу