Президенттік жастар кадрлық резервінде мұғалімдер де бар

20.01.2020

Президенттік жастар кадрлық резервіне енген 300 азаматтың 39-ы алматылық. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлерден бөлек, қарапайым мұғалімдер де бар. Байқаудан өткендердің алды жаңа қызметтерге де тағайындалып үлгерді. Ел дамуына үлес қосам деген азаматтардың қандай тың жобалары мен жоспарлары бар? 

Ал Әлібек Ыдырысұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінде он жылдан бері оқытушы әрі кафедра меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істейді. Негізгі сабақтардан бөлек, студенттеріне қосымша дәріс өткізіп, үздіктерге өз атынан жыл сайын стипендия беруді дәстүрге айналдырған. Ал кадрлық резервке енгеннен соң, әр аймақтан түрлі ұсыныстар түскен. Дегенмен, ол оқу орнында қалып, жаңадан ашылған Биомедицина ғылыми зерттеу орталығының басшысы қызметіне кірісті.

Әлібек биомедицина саласымен шектеліп қалмай, алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне азаматтық үлесін қоспақшы. Ғылыми тұрғыдан, әрине. Жас ғалым солтүстік аймақтардағы ауыл шаруашылығының ақсап тұрған тұстарын оңтайлы шешудің жолдарын ұсынып, өңірдегі жас мамандардың санын арттыруға септігімді тигізсем дейді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу