Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы бақылауда болуы тиіс- Д.Назарбаева

20.01.2020

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы Сенат депутаттарының назарында болуы міндет. Жоғарғы палата төрағасы Дариға Назарбаева бюро отырысында осылай деді. Әсіресе жаңадан енгізіліп жатқан бағдарламаларға қатысты халық арасында даулы сұрақтар туындаса депутаттар тарапынан үкіметке ұсыныстар жолданып, заңға түзетулер енгізілуі керек екендігін айтты. Сондай-ақ депутаттардың аймақтарға сапары барысында анықталған мәселелер жуық арада көтеріліп, шешімін табуы керектігі айтылды. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу