Иракта тәртіпсіздіктер өршуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта тәртіпсіздіктер өршуде

20.01.2020

Иракта билікке қарсы наразылық акцияларында бір адам қаза тауып, жаппай тәртіпсіздіктер қайта өршіді. Бүгін ел астанасы Бағдадта шерушілер мен полиция қақтығысып, тағы ондаған адам жараланған. Ашынған демонстранттар жолдарды бөгеп, отты шөлмектер мен тас лақтырды. Бұған жауап ретінде тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған.

Елде жаппай шерулер өткен жылдың қазанынан бері өтіп жатыр. Көшеге шыққан тұрғындар биліктен жемқорлықпен, жұмыссыздықпен күресіп, саяси жүйені қайта қарастыруды талап етуде. Ал, үкімет басшысы Адел Әбдул Махди өз уәделерін орындай алмай отыр. Сондықтан халық оның да қызметтен кеткенін қалайды. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу