Ұлттық банк еліміздегі базалық мөлшерлемені 11 пайыз  деңгейінде қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк еліміздегі базалық мөлшерлемені 11 пайыз  деңгейінде қалдырды

10.04.2017

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Ведомство басшысының сөзінше, инфляция болжамды және мақсатты аралықта сақталды. Биыл байқалған іскерлік, белсенділік, ішкі қаржылық нарықтағы жағдайдың тұрақталуы кейінгі базалық мөлшерлеменің төмендеуіне әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, наурыз айының қорытындысына сәйкес, жылдық инфляцияның көлемі 7,7 процентке дейін азайған. Бұл халықтың ұлттық валютаға деген сенімін білдіреді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу