Қазақстанда жылына 100-ге жуық адам донор кезегі жетпей көз жұмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жылына 100-ге жуық адам донор кезегі жетпей көз жұмады

19.01.2020

Адам қайтыс болған соң автоматты түрде донор болады. Соңғы уақытта осы мәселе қайта көтеріліп жатыр. Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері. Жалпы, тақырып күрделі: бір жағынан трансплантацияға мұқтаж жандар аз емес және донор болмағасын олар қайтыс болып кетеді... Екінші жағынан, адамдардың пайымы әр түрлі және органды беру керек деп талап қоюға ешкімнің хақысы жоқ. Үшінші жағынан бұл тұрғыда дәрігерлерге сенім де жоғары емес. Осыдан шығатын төртінші - трансплантация бойынша елімізде қара нарық бар.

Интернетте қаптаған хабарландыру дәлел, ол туралы материал да жасадық. Ал былтыр белгілі трансплантолог ұсталып, трансұлттық қылмыстық топтың құрықталғаны жарияланған.

Ағайынды Санжар мен Әділхан сырғанақ теуіп жүр. Донор бүйрек салмағанда... әрі қарай жазудың қажеті жоқ. Әркім әрине, өзі шешеді. Дегенмен маған қатысы жоқ, болмайды да демеңіз...

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу