Петропавл қаласының тұрғыны 200-ден аса ит асырап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл қаласының тұрғыны 200-ден аса ит асырап отыр

17.01.2020

Петропавл қаласының тұрғыны Роман Ширяев 200-ден аса ит асырап отыр. Ол үйінің ауласынан қаңғыбас иттерге арнап тәлімбақ ашқан. Төрт аяқтылардың жанашыры оларды күнделікті тамақтандырып, қажет болса ем-домын да жасайды. 

Роман Ширяев осыдан 8 жыл бұрын үй жануарларына ерекше қамқорлық көрсете бастаған. Қаңғып қалған иттерді ауласына әкеліп, асырауды қолға алған. Тіпті, тұрақты жұмысын да тастаған. Қазір бар уақытын төрт аяқты достарына арнайды.  

Мұндағы иттер тәлімбаққа түрлі себеппен түскен. Мына пуманы былтыр көлік басып кеткен. Сынған аяғын кесіп тастауға тура келіпті. Енді оған протез салдыру үшін 400 мың теңгедей қаражат қажет. Мейірімді жандарға көмектесіп жүрген қала тұрғындары жетерлік.  

Сонша көп итті асырау оңай шаруа емес. Олардың күтіміне қыруар қаржымен қоса, уақыт та керек. Ширяевтарға бұл іс табыс әкелмесе де жан рахатын сыйлайды. Игі іспен көпге үлгі көрсетіп жүр.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу