Жастарға арналған жобалар бірыңғай жүйеге келтіріледі

17.01.2020

Жастарға қатысты мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын барлық жобалар енді бірыңғай навигациялық жүйеге тоғыстырылмақ. Бұл туралы елордада өткен жастар форумында айтылды.

2030 жылға дейін әлемдік тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға арналған жиында жастардың жаһандық көзқарастары талқыланды. Мамандардың айтуынша, қазір қазақстандық жас буынның күрмеулі мәселелері өте көп. Оларға жол сілтейтін елімізде 200-ден астам жастар ресурстық орталықтар жұмыс істейді. Бірақ әр жобаның әртүрлі платформада жариялануына байланысты жастардың бәрі бірдей жаңа мүмкіндіктер жайлы құлағдар бола бермейді. Тиісінше, шарапатын да көрмейді.

Амангелді СЕЙІТХАН



Хабарламаларға жазылу