Парижде 250 мыңға жуық адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде 250 мыңға жуық адам шеруге шықты

17.01.2020

Парижде 250 мыңдай адам шерулетіп, президент Эмманюэль Макронды зейнетақы реформасынан бас тартуға шақырды. Кәсіподақ ұйымдарының айтуынша, жұмысшылар манифестацияға бейсенбі күні қайта оралды.

Францияда демонстрациялар 43 күн бұрын басталды. Билік азаматтардың зейнетке шығу жасын 64-кен дейін көтеруден бас тартса да наразылық тоқтамай отыр. 

Кейбір шерушілер қаржылық қиындықтар туындағандықтан үйлеріне тараған. Алайда, олардың көпшілігі қарсылық акциясын әрі қарай жалғастырып, үкіметтің ондаған мамандық иелерін, соның ішінде, дәрігерлер мен мұғалімдерді жеңілдіктерден босату жоспарын доғаруды талап етіп жатыр. 

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу